2023 жылдың 16 ақпанында ҚР Ұлттық музейінде алғаш рет Халықаралық музейлер күнін атап өтуге арналған республикалық семинар өтті. Аталмыш семинарға Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінің қызметкерлері Ж.Қ. Әлім мен Г.С.Катай қатысты.Республикалық семинар Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін атқарушы А.Ж. Сыдықовтың алғы сөзімен басталды. Семинарда “Музей түні” акциясы: отандық және шетелдік музейлер тәжірибесі” тақырыбында ҚР Ұлттық музейі Қазақстан музейлерін дамыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік орталығының біліктілікті арттыру және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Қ.С. Адельчанов пен кіші ғылыми қызметкері Л.С. Нуркеева баяндама жасады. Сонымен қатар, Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінің музей педагогикасы және жобалау қызметі бөлімінің меңгерушісі Г.Қ. Жұбаниязова “Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінің “Музей түні” акциясы өткізу тәжірибесі”, Невзоровтар отбасы атындағы Бейнелеу өнері музейінің ғылыми-методикалық және көрме жұмысы жөніндегі директор орынбасары Г.Қ. Бүркітова “Ночь в музее имени семьи Невзоровых” тақырыптарында баяндама жасады.