2023 жылдың 16 ақпанында Қостанай облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейінде «Ыбырайтану» жобасы аясында Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінің желісі бойынша танымдық сабағы өткізілді.Сабақ барысында ағартушы-ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен педагогикалық шығармашылығы жайлы фильмді және «Әке мен бала» әңгімесін экраннан тамашалады. Жас буындарға Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен педагогикалық қызметі жайында мағлұмат беріліп, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 5 сынып оқушылары «Әке мен бала» әңгімесінен көрініс көрсетті.
Сабақ соңында оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты интеллектуалды ойын өткізіліп, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті.