«Алматыкітап» баспасының 2023 жылдың 25 қаңтары мен 06 ақпан аралығында TopІQ республикалық онкүндігі негізінде Қарағанды облысының білім басқармасының қолдауымен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінде Халықаралық байқауда «Жылдың үздік кітабы» атанған «Даланың таза бұлағы» атты кітаптың таныстырылымы болып өтті.

Кездесу кешке кітап авторлары М.Оспанов, С.Өтелбаевамен сұхбат жүргізіліп, қатысушылар ағартушының өмірі мен қызметі жайында көкейдегі сауалдарын қойып, қызықты тарихи деректермен танысты.

Кешке арнайы келген «Алматы кітап» баспасының қызметкері Гүлнұр Серікқызы «TopIQ.kz» білім беру платформасына енгізілген «Даланың таза бұлағы» кітабының электрондық нұсқасымен таныстырды.