2023 жылдың 23 қаңтарда Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин мемориалдық музейінде «Өз өмірің өз қолыңда»атты құқық қорғау органдарының өкілдерімен, Қостанай қаласының № 22 жалпы білім беретін мектебі мен № 3 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу сұхбаты өтті.
Басқосуда Қостанай қаласының кәмелетке толмаған балалардың істері жөніндегі учаскелік инспектор, полиция лейтенанты Екатерина Рабцун жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың жиі тараған түрлері туралы айта келіп, өз жұмысының тәжірибесінен мысалдар келтірді.
Кездесу соңында музей қызметкерлері оқушыларға 2D форматында Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі туралы фильм көрсетті.