

Қостанай қаласы Ы.Алтынсарин мемориалдық музейімен жасалған меморандум негізінде Қарағанды қаласының білім бөлімі Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінде өткен рухани жиында Ы.Алтынсарин атындағы мектептер Альянсы, Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағандының зиялы қауым өкілдері қатысты. Көрмедегі құндылықтар мен тарихи деректерден тәлім алған көрермендер түрлі сауалдарына жауап алды. Көшпелі көрменің мақсаты да ұлт ұстазы Ыбырайдың жолын тереңірек таныстыру еді.

