Ыбырай  музейі Троицк өлкетану музейімен бірлесіп, «Троицкідегі оқыған қазақ зиялылары» атты халықаралық дөңгелек үстелін ұйымдастырды.
Екі музей арасындағы өзара ынтымақтастық туралы жасалған меморандум аясында өткізілген іс-шараға Троицк өлкетану музейінің директоры Е.Подгайко, экскурсия жүргізушісі  В.Шакенова, Челябі және Троицк қалаларынан «Жақсылық», «Арман», «Мұрагер» атты қазақ ұлттық-мәдени орталығының жетекшілері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысына филология ғылымдарының докторы, Челябі мемлекеттік университетініңфилология кафедрасының профессоры М.Қадралинова, тарих ғылымдарының кандидаты, Челябі мемлекеттік университетінің профессоры С.Самаркин, А.Байтұрсынұлы  атындағы  Қостанай өңірлік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, ыбырайтанушы Қ.Жақып, Троицк өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі В.Шакенова Троицк қаласы және сонда оқыған қазақ зиялылары жайында тарихи деректі мәліметтермен бөлісті.

Іс-шара соңында  Троицк қаласынан келген қонақтарға Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Е.Қалмақовтың алғыс хаты табыс етілді.