2023 жылдың 31 қаңтарында Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде «Тарих білгірлері» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Зияткерлік сайысқа қатысушылар  Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы және Қазақстан тарихы мен мәдениеті жайында сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады.

Ойынға Қостанай қаласының № 15 жалпы білім беретін мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

Интеллектуалды ойын алдында оқушыларға Ыбырай музейінде экскурсия жүргізілді. Экскурсиядан соң, оқушылар алған мағлұмат, деректері бойынша сайысқа түсті.

Іс-шара барысында шәкірттер «Қазақстан тарихы» пәнінен білімдерін шыңдап, Ыбырай және өзге де тарихи тұлғалармен жақынырақ танысты.

Қызықты ойын форматындағы өткізілген іс-шара оқушылардың Қазақстан тарихы мен Ыбырай Алтынсарин тағылымына деген қызығушылықтарын арттырғаны сөзсіз.