
2022 жылдың 31 қазанын қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің туған күні қарсаңында Қостанай облыстық мемориалдық музейінде «Благоразумия прообраз – мой учитель!» атты «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған педагогтармен кездесу өтті.


Сондай-ақ, «Балалар шығармашылығы мектебі» МКҚК «Овация» театр студиясының тәрбиеленушілері Ы.Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесін театрландырылған көрініс ретінде көрсетсе, ал Гончаров Владимир «Балғожаның ұлына жазған хаты», Бороздина Елизавета «Менің достарым» атты өлеңдерін оқыды.
