«Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты әдеби-сазды кеш өтті
2022 жылдың 18 қазанында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде Республика күніне орай «Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шара мақсаты: жас ұрпаққа Республика күнінің мәні мен маңызын түсіндіру, тәуелсіздік пен егемендіктің баға жетпес бақыт екенін сезіндіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталды. Кейін оқушыларға Республика күнінің шығу тарихы мен маңыздылығы жайында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді. №24 мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушыларынан құралған топтар патриоттық тақырыптағы әндер шырқап, арнайы шақырылған өнерпаздар халық күйлерін тартты.