2022 жылдың 2 қазан күні  көрнекті қоғам қайраткері, философ, экономист, әдебиет және өнер сыншысы көрнекті қоғам қайраткері, философ, экономист, әдебиет және өнер сыншысы І.Омаровтың туғанына 110 жыл толды. Мерейтойға орай Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінде «Тұлғасы биік азамат!» атты көрменің ашылуы өтті.
Арнайы ұйымдастырылған іс-шараға Ілияс Омаровтың аталас туысы Шаймерденов Мұрат, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, жазушы, публицист Ақылбек Шаяхмет сынды жергілікті зиялы қауым өкілдері және студенттер қатысы.
Кеш қонақтары І.Омаров атындағы Қазақ драма театры актерлері Құрмасейітов Бақытжан Таңатқанұлы және Үсенова Жібек Жолдыбайқызы сомдаған «Мәриям мен Ілияс» атты спектакльдің үзіндісін тамашалады.

Кеш соңы І.Омаровтың 110 жылдығына арналған көрмені тамашалаумен түйінделді.