«Сыршылдық пен суреткерлік Сырбайы!» тақырыбында әдеби кеш өтті
2022 жылдың 17-ші қыркүйегінде Қазақстан Республикасының халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың леуреаты Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толды.
Мерейтойға орай Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінде «Сыршылдық пен суреткерлік Сырбайы!» тақырыбында әдеби кеш өтті.
Арнайы ұйымдастырылған іс-шараға Сыр-ағаның көзін көрген, қызметтес, жолдас болған ҚР Жазушылар Одағының Қостанай облыстық филиалының төрағасы, «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Жанұзақ Аязбек, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Серікбай Оспанұлы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, жазушы, публицист Ақылбек Шаяхмет сынды жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысы.Қонақтар Н.Островский кітапханасы арнайы жасақтаған Сырбай Мәуленовтің кітаптарынан көрмені қарады.
Кеш соңы Қостанай қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №24 мектеп-гимназиясының оқушыларының қатысуымен Сыр-ағаның өлеңдерін мәнерлеп оқумен түйінделді.