Ресейде “Ыбырай Алтынсарин және оның ағартушылық мұрасы” атты халықаралық көрмесінің ашылу салтанаты өтті
2022 жылдың 23 қыркүйегінде Ресей Федерациясы, Челябі облысы, Троицк қаласындағы, Троицк өлкетану музейінде “Даланың Ұлы ұстазы” ғылыми экспедициясының аясында “Ыбырай Алтынсарин және оның ағартушылық мұрасы” атты халықаралық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.Халықаралық көрменің басты мақсаты: ұлы ұстаз, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің есімі мен оның асыл мұрасын насихаттау. Іс-шара аясында Ыбырай музейі мен Троицк өлкетану музейінің басшылары екі ел арасындағы мәдени-рухани байланысты нығайту, өзара тәжірибе алмасу мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.