2022 жылдың 27 қазанында Қостанай тарихи-өлкетану музейінде «Жалпы тарих беттері: Торғай-Қостанай-Орынбор» атты Халықаралық ғылыми онлайн-конференциясы өтті. Конференция жұмысына ғалымдар, ЖОО оқытушылары мен магистранттары, мұражай, мұрағат мамандары, өлкетанушылар қатысты. Халықаралық конференцияда Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің аға ғылыми қызметкері Р.З. Шалапова «Педагог-ағартушы Ы.Алтынсариннің ізімен» тақырыбында баяндама жасады.