
2022 жылғы 24 қыркүйекте РФ Челябинск облысы, Троицк қаласында III Халықаралық, XI Бүкілресейлік «Расулев оқулары»: Ресейдің тарихы мен бүгінгі өміріндегі ислам» атты ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Ол Ресейдің діни қайраткері, ойшыл, мұсылман әлеміндегі ірі педагог-ағартушы Зайнулла Расулевке арналды.

Конференция жұмысына Иордания мемлекетінің Амман қаласында орналасқан “Халықаралық Ислам ғылымдары Университеті» профессоры Абдураззақ Ас-Са`ди, Ресейдің Жоғары муфтиі, Орталық діни басқарма төрағасы Талғат Таджуддин, Челябі облысының губернаторы Алексей Текслер, және 18 мемлекеттен исламтанушы ғалымдар, жалпы 900 адам қатысты.
Конференцияға қатысушылар Ресейдің діни қайраткері, ойшыл, мұсылман әлеміндегі белгілі педагог-ағартушы Зайнулла Расулевтің діни мұрасын ғана емес, қазіргі заманғы ислам әлеміндегі жағдайларды талқылады.