2022 жылдың 23-қыркүйек күні Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде Еңбек күніне арналған «Еңбек түбі – береке» атты өлкелік қолөнершілермен кездесу кеші өтті.

Ұйымдастырылған шараға суретші, мүсінші, қолөнер шебері Мұхаммедқали Рахалиев, тігіншілер Алқагүл Мауданова, Айнұр Санай, қолөнер шебері Айгүл Неғметжанова қатысты.     

Қолөнершілер өздері жасаған бұйымдарын  жиналған қауымға көрсетіп, өнерлерімен бөлісті. Кеш барысында «Жұлдыз» студиясының шәкірті Бурда Матвей ән шырқаса, «Айсұлтан» өнер орталығының домбырашылары  Құрманғазының «Адай» күйін тартып берді.

Кеш соңы Айнұр Санайдың әнімен аяқталды.