Қостанай облысына Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы келді.

     «Істің болар қайыры, бастасаңыз Аллалап…» деп Ыбырай жазып кеткендей, Бас Мүфти Қостанайдағы сапарының басын Ұлы ұстазға тағзым етуден бастады. Кесене басына барып Ыбырай Алтынсаринге және оның ата-бабаларының рухына арнап Құран бағыштады.

  Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлы ұстаздың діни тұрғыда жазылған шығармаларынан мысалдар келтіре отырып, сол жерге жиналған адамдарға парасатты тәмсілдер айтты.