«Қазақстан жастары салауатты өмір салтын қолдайды» атты танымдық сағат
23 маусым күні музей қызметері Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай «Қазақстан жастары салауатты өмір салтын қолдайды» тақырыбында қаламыздағы №14 негізгі орта мектеп оқушыларына танымдық сағат өткізді. Оқушылармен интерактивті әңгіме жүргізіліп, «Біз салауатты өмір салты үшін» бейнеролигі көрсетілді. Оқушылар назарына «Жастар салауатты өмір салты үшін» флешмобы үлкен экран арқылы көрсетіліп, балғындар қимылдарды қайталап биледі.