2022 жылдың 22 маусымы күні Қостанай қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық музейінде болды.
      
  Музейде олар экспонаттармен танысып, ағартушының өмір жолы мен ашқан мектептері және айналасындағы адамдар жайлы деректер алды.
Білім ордасының озат оқушылары «Туған елге тағзым — 2022» ғылыми-өлкетану экспедициясы аясында Ұлы ұстаздың кесенесіне тағзым етті.
         Кесене басында оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің арғы ата-бабалары жайлы мағлұмат берілді.