2022 жылдың 24 маусым күні Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған «За будущее детей Казахстана» атты насихаттау-гуманитарлық акциясы Қостанай қаласының №2 мектеп-лицейінің оқушылары үшін өткізілді.

Мақсаты – білім алушылардың есірткі заттарды пайдалануға теріс көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету, есірткінің зияны туралы білімдерін кеңейту, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының  консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің психологы Бисимбаева Гүлсім Айтжанқызы есірткінің адам денсаулығына, мінез-құлқына, жалпы өмір сапасына қалай әсер ететіні туралы айтып берді. Іс-шара соңында оқушыларға салауатты өмір салты туралы бейнеролик көрсетілді.