2022 жылдың 17 маусымында Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейіне қазақстандық танымал кино актер, жерлесіміз Ерболат Қасымұлы Тоғұзақов келді.
Ерболат Қасымұлы Ыбырай музейіндегі экспонаттармен танысып, әкесі Қасым Тоғұзақов жайлы музейдегі ақпаратпен танысты.
Қасым Тоғұзақов 1910 жылдың 3 қарашада Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында туған. 1934 жылы Алматыда Қазақстан Жазушылар одағында аударма бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істеген. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» операсына либретто, «Сібір Омар» атты поэма жазды.
            Жазушының ұлы, белгілі актер Ерболат Қасымұлы көпшілікке «Шал», «Жат», «Кемпір» тағыда көптеген кино тундылармен танымал. Ерболат Тоғұзақов туған жерге әкесі Қасым Тоғұзақов жайлы деректифильм түсіруге келген.