2022 жылдың 3 маусымында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Рәміздер – елдігімнің реңі, теңдігімнің тірегі» атты фотоқұжатты көрме ашылды. Аталмыш көрмеге Қостанай қаласының С.Мауленов атындағы гимназияның 7 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты – мемлекеттік рәміздер туралы түсініктерін нығайту, отансүйгіштікке, адамгершілікке, еліне адал қызмет етуге және тарихын білуге ынталандыру.