2022 жылдың 3 маусымында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуы мен 4 маусым-ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай «ҚР рәміздерін білесіз бе?» атты танымдық сағат өттіАталмыш сабаққа Қостанай қаласы білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебінің 6 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты – қазақстандық патриотизмді насихаттау, жас ұрпақты тәуелсіздік нышандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.Танымдық сағат барысында оқушылар мемлекеттік рәміздердің тәуелсіз мемлекет үшін қажеттілігі мен маңыздылығын түсінді. Әр мемлекеттік рәміздің мағынасымен танысты. Танымдық сағат викториналық ойынмен қорытындыланды.