2022 жылғы 1 маусымда Ы.Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейінде ақын-қаламгер Ғайнижамал Сайманқызы Бердалинованың 80-жылдық мерейтойына орай «Таза бұлақ» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин келешектің тұлғасын өнер-білімге ынтызар еткен рухтың жанартауындай, таудың таза кәусарындай классикалық туындылары арқылы ұлттық сана, тіл, мәдениет тарихындағы баға жетпес байлық еді. Ыбырайдың ізін жалғастырып, «Таза бұлақ» қорын қалыптастыру арқылы өнерлі, зерек жастардың көзін ашып, қанатында дем берген майталман өнер иесі ақын Ғ.Бердалинованы киелі Ыбырай үйінің төріне шақырумен басталды.
Кеш басында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Мендикинова Гүлжан Ермашқызы мерейтой иесін құттықтады.
Кеш иесін ақын-жазушылар, әріптестері, шәкірттері Ғайнижамал Бердалинова жайында игі істерін, жастарға жасаған қамқорлығы, жазған шығармалары жайында айтып, құттықтап жылы лебіздерін білдіріп құшақ-құшақ гүл шоқтарын сыйлады.
«Айсұлтан» өнер мектебі мен «Жұлдыз» студиясының өнерпаз оқушылары ән айтып, ұлттық билер билеп, күй тартты.
Кеште Ғайнижамал Бердалинова өзінің өлеңдерін оқыды. Ал кештің соңында Музей басшысы Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы іс-шараны құттықтау сөзімен қортындылады.