Жазғы демалыс оқушылардың көптен күткен маусымы. Жыл сайын жаздың алғашқы күні 1-маусым – Халықаралық «Балаларды қорғау күні» мейрамы аталып өтеді.
Осы күнге және «Балалар жылын» мерекелеу аясында Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі Қостанай қаласының №29 жалпы білім беретін мектебінің 3-4 сынып оқушыларына «Бақытты бала – бақытты ел» атты саяхат-сабақ өткізді.
Оқушыларға атаулы датаның шығу тарихы айтылып, Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» кітабындағы әңгімелер талданып, слайд көрсетілді.
Сабақ барысында шәкірттер әр-түрлі ойындар ойнап, сурет астында жасырылған мақал-мәтелдерді тауып, сайыстарға қатысты.
Cабақ соңында оқушылармен сұрақ-жауап арқылы қорытындылау мақсатында кері байланыс жасалды.