2022 жылдың 31 мамырында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қостанай қаласы білім бөлімінің № 29 жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты тақырыпта танымдық сағат өтті.
Басты мақсаты – өткен тарихты еске түсіріп, жазықсыз жандарды өлімге байлаған сол зұлматты жылдардың ауыртпалығымен, ұлтымызға жасалған үлкен соққымен, тарихымыздың ақтаңдақтарымен және де тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалармен таныстыру. Тәуелсіздігіміз бен бейбіт күніміздің қандай баға жетпес бақыт екенін тағы бір мәрте еске салу.
Бұл танымдық сағат арқылы оқушылар сол қаңқұйлы жылдардың оқиғасы мен жазықсыз құрбан болған азаматтардың есімдерін ұмытпау және оларды мәңгі есте сақтау керектігін түсінді. Танымдық сағат соңында әрбір оқушы өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтарға жауап берді.