2021 жылдың 23 желтоқсанында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебінің «6А» сынып оқушыларына «Ы.Алтынсарин көшесіне саяхат» тақырыбында танымдық сағатын өткізді.

Мақсаты – Ы.Алтынсарин көшесінде орналасқан ғимараттардың тарихымен таныстыру, сонымен қатар тарихи орында орналасқан Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайы мен Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты туралы ақпарат беру.