2021 жылдың 7 желтоқсан күні Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі, Қостанай ауданы білім бөлімінің мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары мен оқушыларына аса көрнекті ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ы.Алтынсарин ел есінде» тақырыбында дәріс өтті.
Музей қызметкерлері музейдің ашылу тарихына тоқталып, ұстаздың өмір жолымен, ашқан мектептері, сонымен қоса 1879 жылы жарық көрген, алғашқы оқулық «Қырғыз хрестоматиясы» жайлы, Ыбырайдың ізін жалғастырушы шәкірттері туралы баяндады.
Дәрістің соңында оқушылар мен мұғалімдер алғыстарын білдіріп, болашақта Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейіне қонаққа келетіндерін алға тартты.