2021 жылдың 30 қарашасында Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі ағартушының 180 жылдығына орай А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің тарих факультетінің студенттеріне «Педагог — ағартушының нұрлы жолы» атты тақырыптық кеш өткізді.
Мақсаты – Ы.Алтынсарин есімімен аталатын тарихи орындар, 1864 ж. Торғайдағы мектеп орнына бой көтерген Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық-мемориалдық мұражайы, 1887ж. Обаған болыстық мектебінің орнынада қазіргі таңда Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі, 1884 ж. Қостанай екі сыныптық орыс-қазақ мектебінің жалғасы қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты жайлы құнды деректермен бөлісу.