2021 жылдың 17 қарашасында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде «Үміт еткен достарым» тақырыбымен педагогика саласының ардагері, Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Раушан Байсаринамен дөңгелек үстел басында сұхбат болды.
Ол өзінің педагогикалық еңбек жолында Ы.Алтынсарин әлеміне үнемі жүгініп, ұлы педагог тағылымының сан қырын жаңаша жаңғыртып, үндес тұстарын насихаттап жазған әдістемелік жазбалары мен өткізген бірнеше конференциялар жайында айтты. Сұхбат барысында сұрақтар қойылды. Раушан Әбдіғалиқызы өзі жайлы жазылған «Ұстаздық еткен жалықпас» кітабынан естеліктер оқылды.
Іс шарада «Жұлдыз» вокалдық тобының оқушылары ән айтып, күй шертіп өз өнерлерін көрсетті.