2021 жылдың 16 қарашасында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде тарих ғылымының докторы, профессор, академик Манаш Қозыбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ұлт ұлағатының жаршысы» атты фотоқұжатты көрме ұйымдастырылды.
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында дүниеге келген Манаш Қабашұлы Ыбырай Алтынсарин ашқан педогогикалық училищенінің түлегі болып табылады. Ыбырайдың ізімен білім мен ғылым жолында жүріп өткен М.Қозыбаевтың 90 жылдық мерейтойына байланысты М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік экономикалық университетінің 1 курс студенттерімен танымдық экскурсия жүргізілген болатын.
Музейдің аға ғылыми қызметкері Гүлдана Катай студенттерге жерлесіміз Манаш Қозыбаевтың өмірбаяны мен атқарған зор еңбегін баяндады. Музей қорындағы Манаш Қабашұлының фотосуреттері кітаптары мен жеке заттары көрсетілді.