2021 жылдың 15 қарашасында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінде “Ақын ана әлемі” тақырыбында Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хакімжанованың туғанына 115 жыл толуына орай экспозициялық көрме ұйымдастырылды.

Экспозициялық көрмені Қостанай қаласының №28 мектеп-лицейінің 8-9 сынып оқушылары мен ұстаздары тамашалады. Келушілер назарына ақынның өзі қолданған жеке заттары, сонымен қоса ғылыми еңбектері мен қолжазбалары ұсынылды.