Қостанайда Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен «Ы.АЛТЫНСАРИН ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ТАҒЫЛЫМ: ТАРИХИ ӨЗЕГІ, ТАНЫМДЫҚ ӨРІСІ, ЗАМАНАУИ ӨРНЕГІ» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ұйымдастыруымен өткен пленарлық отырысты Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев жүргізді.
Халықаралық конференцияға қатысушылар педагогикалық ғылымның басым бағыттары туралы айтып, Алтынсарин идеяларын заманауи педагогикада жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Конференция алты секциялық бағытқа бөлінді. Әр секция бойынша шетелдік ғалымдар мен бірге өз еліміздің ыбырайтану саласына сүбелі үлесін қосып жүрген зерттеуші ғалымдар баяндама жасады. Ы.Алтынсарин музейі мен Л.Толстой атыдағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы «Ы.Алтынсарин мұрасын зерделеу мен ілгерілетудің өзекті мәселелері» тақырыбында секциялық жұмысын бірлесе жалғастырды.
Конференцияда музей мен кітапхана басшылары Марғұлан Оспанов пен Дариха Дүйсебаева модератор болды. Оған 130-ға жуық кітапханашылар мен музей қызметкерлері қатысты және 9 зерттеушінің баяндамасы тыңдалды. Конференцияның қорытындысы мен ұсынымдары, қабылданған шешімдері жайлы ақпаратты толығырақ келесі постта жариялайтын боламыз.