Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай 2021 жылдың 24 қыркүйегінде Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі Ақмола облысы, Целиноград ауданының Аналар кеңесінің мүшелеріне және Тобыл қаласындағы “Ақ көгершін” үкіметтік емес ұйымына экскурсия өткізді.

Сондай-ақ, Тобыл жағасындағы ұлт ұстазының кесенесіне ат басын бұрып, тағзым етіп, құран бағыштап қайтқан қонақтарға музей атынан естелік ретінде ”Ыбырай күнтізбесі” тарту етілді.