2021 жылдың 23 қыркүйегінде Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі Алматы облысы Талдықорған қаласындағы №11 жалпы білім беретін орта мектеп ұстаздары мен 7-8 сынып оқушыларына ”Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейіне онлайн саяхат” атты экскурсия өткізді.

Онда ұлы ұстаздың өмірі, педагогикалық қызметі, шығармаларына арналған экспозициялық зал бойынша экскурсия жүргізілді.