Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге және Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай 2021 жылдың 22 қыркүйегінде Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі Қостанай қаласының Талапкер жалпы орта мектебінің 10 «Ә» сынып оқушылары мен ұстаздарына «Ұлы даланың дара ұстазы» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн-экскурсия өткізді.
Мақсаты – Ұлы педагогтың өмірі мен қызметі, еңбектері жайында түсінік беру.
Онлайн-экскурсияның соңында мектеп директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары А.Шантасов музей ұжымына тағылымды, тарихи қызықты ақпарат бергені үшін оқушылардың және әріптестерінің атынан алғыс айтып, келешекте мектеп пен музей арасында рухани байланыс орнатып, оқушылармен жиі келіп тұратын боламыз деді.