Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай 2021 жылдың 22 қыркүйек күні музейде «Әлем және Ы.Алтынсарин» тақырыбында іс-шара өтті.

Мақсаты: музейге келген республикаға белгілі адамдар мен шет елдерден келген қонақтардың тілек кітабына жазған пікірлерін көпшілік назарына ұсыну.

Шара барысында музейдің тарихы жайында шағын мағлұмат беріліп, тілек кітабындағы жүрек жарды жылы сөздер жазылуына байланысты үш тілде оқылды.