21 қыркүйек 2021 жылы Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Софиевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі оқушылары мен ұстаздарына «Ы.Алтынсарин музейіне виртуалды саяхат» тақырыбында және «Саналы ұрпақ-2050» қоғамдық қорының бірлесуімен Қарабалық аудандық кітапхана оқырмандары мен Қарабалық жалпы орта білім беретін мектебінің 7-8 сынып оқушыларына, «Қаламгер, кітапқұқмар клубы» мүшелеріне «Ы.Алтынсарин ұлы ұстаз» тақырыбында, сонымен қатар Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі ұжымына «Ұлы ұстаз» тақырыбында қазақ халқының тұңғыш ұстазы Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай онлайн-дәрістер өткізді.
Онда ағартушының өмірі мен қызметі және қазіргі таңда ұлы ұстазды ұлықтау аясында жасалынып жатқан іс-шаралар жайында тағылымды әңгімелері баяндалды.