2020 жылғы 17 қыркүйекте Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде Қазақстанның Халық жазушысы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сырбай Мәуленовтың туған күніне арналған «Сыры терең Сырағаң!» атты онлайн-дәріс өтті.

Дәрісте көрнекті жазушының өмірі мен қызметі, поэзия әлеміне қалай келгендігі жайлы айтылды. Сондай-ақ, Сырбай Мәуленовке қатысты құнды жәдігерлер мен фотоқұжаттар көрсетілді.

Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейі өткізген онлайн-дәрістің толық нұсқасы музейдің «Youtube» каналына жүктелді.