2021 жылдың 1 қыркүйек күні Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп интернаты оқушыларына Білім күніне орай «Қоңырау үні» атты көрме өткізді.
Мектеп оқушылары Ыбырай жайлы сыр шерткен Ғафу Қайырбековтың «Дала қоңырауы» атты поэмасымен танысты.
Көрмеде біздің музейге Қостанай қаласының тұрғындары сыйға берген түрлі пішіндегі, түстегі, көлемдегі қоңыраулар жиынтығы қойылып, қоңыраулар жайлы мағлұмат берілді.