Осы мерекеге орай Қостанай қаласындағы № 3 бөбекжай-бақшасында музейдің ұйымдастыруымен ҚР рәміздері туралы «Мақтанышым-елімнің рәміздері» атты викториналық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында әнұран орындалып, рәміздер туралы мағлұмат берілді. Кейін сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытынды жасалды.

Келешекте бөбекжай-бақшасының бүлдіршіндері қазақ білімінің алғашқы қоңырауын соққан Ыбырай Алтынсариннің салған сүре жолымен мектеп табалдырығын аттағалы отыр.