1941-1945 жылдары екінші дүниежүзілік соғыста Отан үшін от кешіп, өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған жандар аз емес. Әрине, олардың ерлігі, батылдығы, еңбекқорлықтары жайлы жас буындардың білуі қажет. Осы қасиеттерінің арқасында майдангерлер жеңіске қол жеткізді. Солардың арасында қостанайлық ұстаздардың да болғанын мақтанышпен айтамыз!

Биыл Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі өскелең ұрпақтарға соғыс ардагерлерінің өмірі мен қызметін насихаттау мақсатында «Педагогикалық бағыттағы майдангер-ардагерлер» атты көрмені көпшілік назарына тарту етті. Онда ағартушы Ы.Алтынсарин ашқан мектептерде оқыған және сол мектептерде ұстаз болған, қанды майданға қатысқан ардагер мұғалімдер -Сапарғали Есмұратов, Камеш Жаманқұлов, Камалбек Зәкіров, Ғыждуан Қасымов, Василий Макотченконың фотоқұжаттары мен жеке заттары қойылды.