Ағымдағы жылдың 5 мамырында Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнінн орай «Ұранды ердің-ұрпағы қайсар» атты іс-шара өткізілді.
Тәуелсіз мемлекетіміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін бұл мереке еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтілуде. Алтынсарин музейінде атаулы күнге орайластырылған іс-шараға Қостанай станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қатысып, қонақ ретінде төрден орын алды. Жұмыс барысындағы қиындықтар мен қызықтарға шолу жасап, ел тыныштығы жолында атқарып жатқан игі қызметтің жауапкершілігі мол екенін тілге тиек етті.
Іс-шара барысында Отан қорғаушы қонақтарға экскурсия жасалып, жақсы тілектер айтылып, әуезді әндер шырқалды.