1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атанып, өзгелермен тереземіз тең болып отырғаны үлкен бақ, бағалайтын бақыт!
2021 жылдың 30 сәуірінде облыстық Ы. Алтынсариннің мемориалдық музейінде Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мәдени-ұлттық орталықтарының өкілдерімен мерекелік кездесу мерекелік кездесу өтті.
Кездесуге ҚР білім беру саласының үздігі, ҚР ПҒА құрметті мүшесі, Қостанай облыстық ассамблеясының мүшесі Суслова Александра Ильинична «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастар саласындағы талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Мурзагалиев Руслан Жусубекович, Қостанай облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының еріктілер орталығының білім бағыты бойынша үйлестіруші, татар-башқұрт орталығының белсенді мүшесі Пимичева Анель қатысты.
Іс-шара барысында аталмыш мереке жайлы ақпараттар айтылып, келген қонақтар өз ойларымен бөлісіп, өнерлерін паш етіп, барлық Қазақстандықтарды мазмұны мен маңызы терең мерекемен құттықады.