Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің ғылыми қызметкерлері тәжірібе алмасу мақсатында Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде әдістемелік екі айлық мерзімде практикум өтуде.

2021 жылдың 6 сәуірінде өлкетану музей қабырғасында «Туған жер тарихы», «Қостанай қаласының тарихы», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қостанай облысы», «Қостанай жерінің мақтаныштары» тақырыбында экскурсия өткізіліп, музейдің ғылыми хатшысы Оташева Назима Қуанышбайқызы өз тәжірибесімен бөлісті.