Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі басшысы Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы мен Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі директоры Имаханбет Райхан Сахыбекқызы ғылым, мәдениет аясында тікелей және өзара тиімді ынтымақтастықты орнату, ұлттың мәдени және жазба мұрасын сақтау жөніндегі меморандумға қол қойды.
Ынтымақтастық келісімшарттың басты мақсаты:
- тараптардың арасында тәжірибе алмасу;
- мәдени-рухани байланысты арттыру;
- ел тарихына, мәдениетіне қатысты рухани құндылықтарды анықтау;
- зерттеу-ізденіс жұмыстарын ғылыми айналымға енгізу;
- реставрациялау саласында іскерлік қарым-қатынаста болу.