Ыбырай Алтынсарин — бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға.
Ыбырай Халық ағарту ісінің де, ағартушылық әдебиеттің де, журналистиканың да негізін салушылардың бірі болса, Ахмет Байтұрсынұлы ол жасаған осы абыройлы істердің бәрін жалғастырып дамытушы, талантты ізбасары. Ахмет 1891 жылы Ыбырай қалаған Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде білім алды. Ыбырай ХІХ ғасырда кирилл негізінде қазақ алфавитін құрастырушы болса, Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасырда араб графикасы негізінде қазақ әліпбиінің жасап шықты. Осы орайда ұйымдастырылған көшпелі көрменің атауы да «Қазақ әліпбиінің негізін қалаушылар» деп аталды.
2021 жылдың 28 наурызында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлының музей үйінде ұлы ағартушының 180 жылдығына арналған жылжымалы көрменің салтанатты ашылуын өткізді.
Көрмеге музей қорындағы Алтынсариннің асыл мұралары қойылды. Тарихи-танымдық көрмеде 45
жәдігер жұрт назарына ұсынылды.
Қостанай өңірінен шыққан қос ғалымның еңбектерін насихаттауға арналған жиынға Алатау бөктеріндегі айтулы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Тарқатып айтсақ, ғалым-ұстаз Бақытжан Хасанұлы, жазушы, публицист Мағира Қожахметова,
А. Байтұрсынов музей-үйінің директоры Райхан Имаханбет, ф.ғ.д. Гүлжаhан Орда, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымының докторы, ҚазҰУ аға-оқытушысыШоқан Шортанбаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, этнограф-ғалым Гүлмария Оспанова және бір топ алматылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиын соңында ғалымдар өзара пікір алмасып, Ыбырай шығармаларының зерттелуі жөнінде ой бөлісті.
Көрме Ахаң музейінде 28 наурыздан 1-сәуірге дейін жұмыс істейді.