Ұлттық мереке – Наурыз мейрамына орай Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі іс-шаралар топтамасын жүзеге асырды.

Іс-шаралардың мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұлттық дәстүрлерді насихаттау, жастардың бойында өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін, оның тарихы мен мәдениетін құрметтеу сезімін тәрбиелей отырып, азаматтық пен патриотизмді қалыптастыруға ықпал ету.

Наурыздың 10-19 аралығында Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде Қостанай қаласының № 17 орта мектебінің 2 «Ә» сынып және М.Горкий атындағы №1 гимназия оқушылары, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті қызметкерлері, Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы, Ш.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Қостанай жоғары политехникалық колледжі студенттері, «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі КММ» ММ«Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» балалар бөлімі экскурсия мен лекцияға келіп қатысты.

Музей қорындағы қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениеті жайында сыр шертетін киіз үйге қойылған заттарды көріп «Берекелі киіз үй», «Наурыз қазына», «Қош келдің наурыз» тақырыбында дәрістер мен әңгімелер тындады.

Сонымен қатар Ы.Алтынсариннің өмірі мен қызметіне қатысты экспозициялар мен диорамаларды және құнды жәдігерлер мен мұрағат көшірмелері мен фотосуреттермен танысты.