Баршамызға белгілі ағартушы Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде тұңғыш кітапхананы қалыптастырған. Ол кітапханаларды өзі ашқан мектептерде ұйымдастырған.
2021 жылдың 19 наурызы күні Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі Қазақ КСР еңбек сіңірген кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері, жерлесіміз Нәзира Қожақметқызы Даулетованың туғанына 95 жыл толуына арналған «lзгі жолды жалғаған” атты іс-шара өткізді.
Іс шараға ҚР Ұлттық кітапхананың ғылыми әдістемелік қызметінің жетекшісі Гүлмира Махамбетова “Кітапхана ісінің қайраткері- Н.Қ.Даулетова және ҚР Ұлттық кітапханасы”, “Сарыкөл ауданы әкімігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Сарыкөл орталықтандырлған кітапханалық жүйесі” кітапхана басшысы Солдат Дүтпаев “Адал есім-жақсы естелік”, Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Гүлжанат Әмірхамзина “Рухани құндылықты қастерлеген Нәзира Қожахметқызы Даулетова” тақырыптарда баяндама жасады.
Сонымен қатар, республикамыздың өзге өңірлерінен ZOOM платформасы арқылы Ақтөбе қаласындағы Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы, Қостанай қаласы мектептерінің кітапханашылары қатысты.