Биыл ұлы педагог, ғұлама ағартушы, жаңашыл ұстаз, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай Республиканың әр төңірегінде кейбір білім ордаларына ағартушының есімі беріледі деп күтілуде.

Осыған орай, Ыбырай Алтынсарин атын иемденген мектептерде мұражайлар ашылмақшы. Соған байланысты 2021 жылғы 11-наурызда Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейі мен Қарағанды облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «№19 мектеп-лицейі» КММ арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум жасалды.

Меморандумға №19 мектеп-лицейінің директоры Жамангарина Жанар Сарсенбайқызы мен Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің басшысы Оспанов Марғұлан Бақытбекұлы қол қойды.

Қарағанды облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «№19 мектеп-лицейі» КММ ұлы ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсаринге арналған музей ашылуына сәйкес Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі әдістемелік көмек көрсетті.