Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі 2021 жылдың 5 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ұстаз аналар ұлағаты» онлайн-форматта мерекелік іс-шара өткізді.

Іс-шарада бұл мерекенің шығу тарихы, ұлт ұстазы Ы.Алтынсарин қазақ қыздарына арнап тұңғыш педагогикалық училище ашқандығы, оның Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі маңызы жөнінде мағлұмат берілді.

Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздіктері, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегерлері, ардагер ұстаздар Мүгілсім Қадырғалиқызы Қадырғалиева, Гүлжиян Сүйіндікқызы Көдебаева, Мәриям Ғаппарқызы Мұртазина ұлт тәрбиесіндегі аналардың орны, аналық махаббаттың шексіздігін айта келе, әйелдер қауымына жылы лебіздерін білдірді.